Түркияда он мыңдаған адам Гүленмен байланыста деген айыппен тұтқындалды
Қаң 10, 2018 22:33 Asia/Almaty
Түркия соттары 2017 жылы он мыңдаған адамды Гүлен тобымен байланыста деген айыппен түрмеге қамады.
Түркияда шығатын «Меллият» газетінің интернет торабының мәліметі бойынша Түркияның Ішкі Істер Министрі Сүлейман Сойлу бүгін сәрсенбі күні: «2017 жылы Гүлен тобымен байланыста болған адамдардың саны 48305 адамды құрады. Олар уақытша қамауда болғаннан кейін соттардың бұйрығымен түрмеге жіберілді» деді.
Түркия үкіметі Америкада тұратын Гүленді 2016 жылдың шілде айында болған сәтсіз төңкерістің жетекшісі әрі негізгі жобалаушысы санайды.
Тегтер