Түркия СІМ Германия елшісін шақыртып алды
Нау 29, 2016 20:17 Asia/Almaty
Германияның бір телеарнасы Түркия президентін келемеждеген ән таратқан соң осы елдің қайраткерлері Анкарадағы Германия елшісін шақыртты.
Германияда шығатын «Der Spiegel» журналының мәліметі бойынша, «NDR» телеарнасы өз бағдарламаларының бірінде 17- ші наурызда Ердоған туралы екі минуттық келемеждеген ән таратты. Германия телеарнасының осы әрекетінен кейін Түркия СІМ Германия елшісі Мартин Эрдманды шақыртты. «Спутник» ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауынша, Ердоған өзіне қатысты сын-пікірлерге дереу реакция көрсетуімен танымал.