Түркия СІМ Германия елшісін шақыртып алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i3385-Түркия_СІМ_Германия_елшісін_шақыртып_алды
Германияның бір телеарнасы Түркия президентін келемеждеген ән таратқан соң осы елдің қайраткерлері Анкарадағы Германия елшісін шақыртты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 29, 2016 20:17 Asia/Almaty
  • Түркия СІМ Германия елшісін шақыртып алды

Германияның бір телеарнасы Түркия президентін келемеждеген ән таратқан соң осы елдің қайраткерлері Анкарадағы Германия елшісін шақыртты.

Германияда шығатын «Der Spiegel» журналының мәліметі бойынша, «NDR» телеарнасы өз бағдарламаларының бірінде 17- ші наурызда Ердоған туралы екі минуттық келемеждеген ән таратты. Германия телеарнасының осы әрекетінен кейін Түркия СІМ Германия елшісі Мартин Эрдманды шақыртты. «Спутник» ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауынша, Ердоған өзіне қатысты сын-пікірлерге дереу реакция көрсетуімен танымал.