Сейіт Хасан Насролла барлық елдердің Израильмен қатынастан бас тартуы қажеттігін қуаттады
(last modified Sat, 20 Jan 2018 09:28:44 GMT )
Қаң 20, 2018 15:28 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролла барлық елдердің Израильмен қатынастан бас тартуы қажеттігін қуаттады

Ливан "Хезболласының" бас хатшысы барлық мемлекеттерді сионистік режиммен қатынастарын қалыпқа келтіруден бас тартуға шақырды.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ливан "Хезболласының" бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла жұма күні Бейруттың оңтүстігіндегі әл-Кунейтра шәһидтерін еске алу рәсімінде видео конференция арқылы сөйлеген сөзінде: "Сионистік режиммен кез келген қатынастан бас тарту кейбір араб билеушілері жүзеге асырмай жүрген Араб елдері одағы бекіткен маңызды қағидаға жатады.

Ливан сионистік режиммен қатынастарды қалыптандырудан бас тарту ісіне берік. Бұл елдің халқы басқыншылармен қатынасты қалыпқа келтіру ісіне жеңіл-желпі қарамайды",- деді.

Сейіт Хасан Насролла АҚШ-тың жуырда "Хезболланың" есірткі саудасына қатысы болғаны туралы айыптауларын негізсіз әрі АҚШ-тың қастандығы деп атап: "Хезболланың көзқарасы бойынша есірткі заттарының саудасы харам саналады",- деп мәлімдеді.

Ливан Хезболласының бас хатшысы сондай-ақ, АҚШ басшыларының "ДАИШ-тың қайта оралуының алдын алу" деген сылтаумен америкалық әскери күштердің Ирак пен Сирияда қалуына қатысты жуырдағы ұстанымдарын сынап, оны АҚШ екіжүзділігінің белгісі деді.