Сирияда лаңкестерге америкалық қару-жарақ тасымалдап бара жатқан жүк көлігі ұсталды
(last modified Tue, 23 Jan 2018 16:51:21 GMT )
Қаң 23, 2018 22:51 Asia/Almaty
  • Сирияда лаңкестерге америкалық қару-жарақ тасымалдап бара жатқан жүк көлігі ұсталды

Сирияның қауіпсіздік күштері осы елдің астанасы Дамасктың шығыс жағында ән-Носрат майданы лаңкестеріне америкалық қару-жарақ тасымалдап бара жатқан жүк көлігін ұстады.

Сирия ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, лаңкестерге америкалық қару-жарақ тасымалдап бара жатқан жүк көлігі Иорданиядан Сирияға енген.

Келесі бір хабар бойынша, Сирия армиясының әскерилері осы елдің солтүстік-батысындағы Латакия облысының солтүстігінде  ән-Носрат майданы лаңкестерінің әс-Сараф ауылына ену талпыныстарын сәтсіздікке ұшыратып, 13 тәкфиршіл лаңкестің көзін жойды.

 

Тегтер