Сирия химиялық қару қолдану туралы Франция мен Американың ұстанымдарын айыптады
(last modified Thu, 25 Jan 2018 01:56:44 GMT )
Қаң 25, 2018 07:56 Asia/Almaty
  • Сирия химиялық қару қолдану туралы Франция мен  Американың ұстанымдарын айыптады

Сирия СІМ мәлімдеме жариялап, химиялық қару қолданды деп өзіне тағылған айыпты теріске шығарып, оны Сирияға мақсатты түрде шабуыл жасау аясындағы өтірік деп қуаттады.

Сирияның ресми хабар агенттігі SANА-ның мәліметі бойынша, Сирия СІМ-нің ресми дереккөзі мәлімдемеде: «Сирия серіктестік жасауымен бірге, әрдайым химиялық қару қолданылуға қатысты зерттеулер айқын және кәсіби деңгейде атқарылуы үшін барлық жағдайды жасап келді. Бірақ, үстемшіл батыс елдері үнемі зерттеу топтарына кедергі келтіріп, оларға қысым жасап, бұл мәселені саясиландыруға тырысты. Сирия дұшпандарының мұндай айыптар мен өтіріктерді Ресейдің Сочи қаласы мен оның алдында Венадағы Сирияның ұлттық сұхбаттарының отырысы өткізілу қарсаңында айтып жатқаны таңданыс тудырмайды. Себебі, олар Сирия дағдарысын шешу мақсатын көздеген кез келген саяси үдерістің алдындағы талпыныстарға кедергі келтіруге әдеттенген» деді.  

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі күні Сирия дағдарысы мен Дамасктың Шығыс Ғуте оазисінде химиялық шабуыл жасалды деген уәждерді зерттеу күн тәртібіне қойылған отырыс өткізді. Отырыста БҰҰ-ғы Америка өкілі Никки Хейли негізсіз уәждерінде Мәскеу мен Дамаскты Сирияда химиялық шабуыл жасаумен айыптады. 

 

Тегтер