Түркия АҚШ әскерилерінің Сирияның Манбидж қаласынан шығуын талап етті
(last modified Sun, 28 Jan 2018 10:37:04 GMT )
Қаң 28, 2018 16:37 Asia/Almaty
  • Түркия АҚШ әскерилерінің Сирияның Манбидж қаласынан шығуын талап етті

Осыдан бұрын Түркия күштерінің Сирияның солтүстігінде америкалық әскерилермен қақтығысу ықтималы туралы ескерткен Түркия Сыртқы істер министрі АҚШ әскерилерінің Сирияның Манбидж қаласынан шығуды талап етті.

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы сенбі күні АҚШ-тан тез арада өз әскерилерін Сирияның солтүстігіндегі Манбидж қаласынан шығаруды талап етті.

Түркия ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша,  Түркияның Сыртқы істер министрі: «АҚШ лаңкестерді қолдауын тоқтату үшін әсерлі қадамдар жасауы керек. Тек сөйлей бермей, тез арада Манбиджден шығуы тиіс»,-деді.

Түркияның «Сирияның азат армиясы» тобы сияқты қарулы содырлардың қолдауымен Сирияның солтүстік-батысындағы Африн аймағында күрд күштеріне қарсы амалдар жүргізіп жатқанына бір аптадан асты. Анкара бұрын осы елдің әскерилері мен АҚШ әскерилерінің Сирияның солтүстігінде қақтығысу ықтималы туралы ескертіп, АҚШ-тан Сирияның солтүстігі мен Түркияның шекарасына жақын маңдағы күрд содырларына қару-жарақпен қолдау көрсетуді тоқтатуды сұраған болатын.  Түркияның Сирияның солтүстік-батысындағы Африн аймағында жүргізіп  жатқан «Зейтүн бұтағы» атты амалдары 20 қаңтардан басталып, әлі жалғасып жатыр.

«Зейтүн бұтағы» атты амалдар АҚШ пен Түркияның қарым‑қатынасында жаңа парақты ашатын сияқты. Екі ел де Сирия дағдарысы басталғаннан біраз уақыт өткен соң Сирияның солтүстігінде болып жатқан оқиғаларға қатысты ауқымды пікір  қайшылықтарынан зардап шегіп отырғандарын түсінді. АҚШ өзінің стратегиясын, яғни Сирияны бөлшектеу мақсатын көздеп, осы істі атқаруға  күш-қуаты жететін топты іздестірді.

Осы тұрғыдан АҚШ Сирияның солтүстігіндегі күрд күштері мен олардың қауымдық орнын Сирияның солтүстігінде бөлінуді талап етушілердің базасы ретінде назарға алған болатын. Осындай жағдайда Түркия өз тұрғындарының Сирияда күрдтер тұратын шекаралық аймақтарға көршілес орналасуына байланысты Күрдістан жұмысшылар партиясының нығайып, осы топтың қауіпсіз базасы құрылып, тынышсыздық пен бөлшектенушіліктің өз территориясындағы күрдтер ауданына таралуына соқтыратын кез келген шараға қарсы болды. Сонымен, бұл екі ел өздерінің мүдделері мен одақтастығы арасынан біреуін таңдауы тиіс жағдайға жетті.

АҚШ-тың Сыртқы саясат кеңесінің  зерттеушісі Аарон Стейн АҚШ пен Түркияның  Сирияның солтүстігіндегі мақсаттары мен стратегияларының қайшылықтарына тоқталып: «Ақырында АҚШ Түркия мен Сирияның солтүстігіндегі күрд күштері арасынан біреуін таңдауы тиіс жағдайға түседі. Түркияның қарсылығына қарамай, күрд күштерін қолдау АҚШ пен Түркияның қарым‑қатынасына сызат түсіріп, ақырында бұл екі ел арасындағы қайшылықтың тереңдей түсуіне себеп болады»,-деп жазды.

Түркия өзінің мүдделерін ескерумен қоса, ішкі іске араласушы алпауыттардың ойынына араласпай, өз көршілерінің де мүдделерін назарға алуы тиіс. Түркия өзінің амалдарын аймақтық ойыншылармен және Сирия үкіметімен үйлестіруі тиіс. Сонда ғана аймақтық тұрақтылыққа жеткізетін жан-жақты шешім жолына жетуге болады.

 

Тегтер