Түркия армиясының Сирияның солтүстігіне жасап жатқан шабуылдарында қарапайым адамдар қаза табуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34309-Түркия_армиясының_Сирияның_солтүстігіне_жасап_жатқан_шабуылдарында_қарапайым_адамдар_қаза_табуда
Сирияның ақпарат көздері Түркия армиясының бір апта бойы Сирияның солтүстігінде күрдтер тұратын аймақтарға жасаған шабуылдарында 284 қарапайым адамның қаза болып, жараланғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 28, 2018 22:08 Asia/Almaty
  • Түркия армиясының Сирияның солтүстігіне жасап жатқан шабуылдарында қарапайым адамдар қаза табуда

Сирияның ақпарат көздері Түркия армиясының бір апта бойы Сирияның солтүстігінде күрдтер тұратын аймақтарға жасаған шабуылдарында 284 қарапайым адамның қаза болып, жараланғанын хабарлады.

Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Түркия армиясының өткен бір аптада Сирияның Африн қаласы мен оның айналасындағы ауылдарға шабуылдарында 86 сириялық азамат қаза тауып, 198 адам жараланған.

Осы мәлімет бойынша, Түркия түрлі қару-жарағымен Алеппоның солтүстігінен 63 шақырымда орналасқан Африн аймағындағы тұрғын үйлерді нысанаға алып, халықты қанға бөктіріп, қоғамдық нысандарды қиратып жатыр.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, Түркияның Африн аймағында жасап жатқан қылмыстарының құрбандарының көбі әйелдер мен егде адамдар. 

Осындай жағдайда "Сирияның күрдтер демократиялық одағы" партиясы күштеріне қарасты ақпарат көздері бұл күштердің сенбі күні Африн қаласында Түркияға тиесілі бір тікұшақты құлатқанын хабарлады.