Түркияның әуе шабуылы салдарынан Африн қаласында бір көне ғибадатхана қиратылды
(last modified Mon, 29 Jan 2018 09:58:57 GMT )
Қаң 29, 2018 15:58 Asia/Almaty
  • Түркияның әуе шабуылы салдарынан Африн қаласында бір көне ғибадатхана қиратылды

Түркияның әуе шабуылдарында Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласында орналасқан «Айн Дара» танымал көне ғибадатханасы қиратылды.

АPTN телеарнасының хабарлауы бойынша,  жарияланған суреттер «Айн Дара»  танымал көне ғибадатханасының толығымен қиратылғанын көрсетеді. Бұл ғибадатхананың тарихы темір дәуірінен басталады.

Мұнымен қоса, Түркияның Сирияның солтүстігіне шабуылы осы өңірдің адамдарын қиындыққа ұшыратты. Африн қаласындағы медициналық қызмет көрсету орталықтарының жағдайы ауыр деп хабарланды.

Осындай жағдайда Түркия армиясы штабының қолбасшысы Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласын басып алуға бағытталған әскери амалдарының тоғызыншы күні Түркия үкіметіне қарсы күрдтердің қаза болғандары санының «Зейтүн бұтағы» амалдары басталғаннан бүгінгі күнге дейін 484 адамға жеткенін хабарлады.

 

Тегтер