Сауд Арабиясында корона вирусынан тағы бір адам көз жұмды
Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі осы елдің бір азаматының корона вирусына шалдығып көз жұмғанын және Сауд Арабиясының оңтүстік- батысында осы ауруға шалдығудың жаңа бір фактісінің тіркелгенін хабарлады.
Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі сейсенбі күні корона вирусын жұқтырудың жаңа фактісі осы елдің оңтүстік- батысындағы Джазан аймағында тіркелгенін хабарлап, осымен Сауд Арабиясында аталмыш вирусты жұқтырғандардың саны 1357 адамға жеткенін мәлімдеді.
2012 жылы осы ауруға шалдығу басталғаннан бері соның салдарынан жан тапсырғандардың саны 581 адамға жеткен.
Корона вирусы алғаш рет Сауд Арабиясында анықталды.
Дене қызуының 38 градустан асып көтерілуі, жөтел, іш өту және демікпе осы аурудың белгілері саналады. Бұл белгілер ауруға шалдыққандардың 30 пайызын өлтіреді.