Сирияның Идлиб облысында 30 лаңкес өлтірілді
(last modified Sun, 04 Feb 2018 11:16:21 GMT )
Ақп 04, 2018 17:16 Asia/Almaty
  • Сирияның Идлиб облысында 30 лаңкес өлтірілді

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб облысына жасаған әуе шабуылы барысында 30 лаңкес өлтіріліп, Ресейдің бір қырғи ұшағының құлағанын хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі сенбі күні кешке өзінің СУ-25 қырғи ұшағының Сирияның Идлиб облысында құлатылып, ұшқыштың қаза болғанын растап: "Бұл ресейлік қырғи ұшақ иыққа қойып атылатын зымыран арқылы құлатылды. Құлатылған ұшақтың ұшқышы жерге тірі жеткенімен, лаңкестермен атыс барысында қаза тапты",-деді.

Сонымен қатар "Сирия күрдтерінің демократиялық одағы" партиясының күштері  Түркияның Сириядағы Күрдістан өңіріне шабуылдарында тыйым салынған қару-жарақтар қолданып жатқанын хабарлады.

"Сирия күрдтерінің демократиялық одағы" партиясы күштерінің қоғамдық қатынас кеңсесінің басшысы Ридур Халил: "Түркия Африн өңіріне шабуылда тыйым салынған Napalm қарулары мен кассеталық бомбаларды қолданып жатыр",-деді.

Тегтер