Сирияның астанасына бірнеше кластерлі снаряд атылды
(last modified Mon, 05 Feb 2018 09:06:00 GMT )
Ақп 05, 2018 15:06 Asia/Almaty
  • Сирияның астанасына бірнеше кластерлі снаряд атылды

Лаңкестер жексенбі күні кешке Сирияның астанасы Дамасктың әл-Меззе ауданына бірнеше кластерлі снаряд атқан.

ИРНА-ның хабарлауынша, сол снарядтардың бірі ИИР-ның ақпарат агенттігі ИРНА-ның Дамасктегі кеңсесінің терезесіне тиіп, кеңседегі терезелердің сынуына себеп болған.

Лаңкестік шабуыл салдарынан Сирияның он бес азаматы жараланды.

Сонымен қатар шабуыл салдарынан осы аудан тұрғындарының автокөліктері мен үйлеріне зиян тиген.

Кластерлі снаряд он шақты немесе жүздеген бытыра мен металл кесектерден құралады. Оны тек зеңбірек арқылы атуға болады.

Соңғы айлар ішінде лаңкестік топтар Сирия әскеріне қарсы үстіне-үстіне жалғасқан жеңілістерінен кейін бұрынғыдан бетер бұл елдің қалаларына зеңбірек снарядтарымен шабуыл жасауда.

Шабуылдар салдарынан көптеген сириялық азамат, әсіресе әйелдер мен балалар қаза болып, жарақат алды.

 

 

Тегтер