Түркия Сирияда орналасқан америкалық әскерилерге ескерту жасады
(last modified Mon, 05 Feb 2018 09:26:40 GMT )
Ақп 05, 2018 15:26 Asia/Almaty
  • Түркия Сирияда орналасқан америкалық әскерилерге ескерту жасады

Түркия Сирияның солтүстігінде орналасқан америкалық әскерилерге тағы ескерту жасады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздаг жексенбі күні «Америкалықтар Түркияның Сирияның солтүстік аймағына қатты көңіл бөліп отырғанын білгені жөн. Егер америкалық әскерилер Сирияның Манбидж қаласында күрд содырларының киімімен жүретін болса, оларды күрд содырларынан ажырату мүмкін болмай, оларға қарсы шабуыл жасалады",- деді.

Сонымен қатар Боздаг "Зәйтүн бұтағы" әскери амалының ілгерілеп жатқанына сілтеме жасап: "Манбидж қаласы халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары (YPG) Сирияның солтүстік-батысындағы Африн қаласынан шығысқа қарай 100 шақырым қашықтыққа дейін кері шегінбейтін болса, алдағы сағаттарда Түркия әскери күштерінің жойқын шабуылдарына тап болады",- деді.

Ол Манбидж қаласының Сирияның солтүстігіндегі стратегиялық қала екенін айтып, "Зейтүн бұтағы" әскери амалы кезінде халықтық өзін-өзі қорғау жасақтарының ішінен 900-ден астам адамның қаза тапқанын хабарлады.

 

 

Тегтер