Сионистік режим Сирияның ғылыми зерттеу орталығына зымырандық шабуыл жасады
(last modified Wed, 07 Feb 2018 09:04:20 GMT )
Ақп 07, 2018 15:04 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Сирияның ғылыми зерттеу орталығына зымырандық шабуыл жасады

Ақпарат құралдары сионистік режимнің Дамасктің солтүстік-батысындағы Джамария аймағындағы Сирияның ғылыми зерттеу орталығына зымырандық шабуыл жасағаны туралы хабарлады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, бүгін, сәрсенбі күні таңертең үш күшті жарылыс Сирия астанасының әртүрлі аймақтарын сілкіндіріп, Дамасктің түкпір-түкпірінен қатты жарылыстардың дауысы естілді. Кейбір ақпарат құралдары Джамария аймағындағы Сирия армиясына қатысты зерттеу орталығының нысанаға алынғанын хабарлады. Жарылыстармен тұспа-тұс Сирияның әуеге қарсы жүйелері сионистік режимнің бірнеше зымыранын нысанға алды. Жарылыстың шығыны туралы мәлімет жарияланған жоқ.

Қаңтардың 9 күні Израильдің әскери ұшақтары Ливанның әуе кеңістігінен Риф-Дамаск облысының әл-Қатифе аймағына бірнеше зымыран атқан болатын.

 

 

Тегтер