Сирия әскері сионистік режимнің қырғи ұшағын құлатты
(last modified Sat, 10 Feb 2018 09:00:02 GMT )
Ақп 10, 2018 15:00 Asia/Almaty
  • Сирия әскері сионистік режимнің қырғи ұшағын құлатты

Сирия Әскерінің әуе қорғаныс күштері сенбі күні таңертең сионистік режим әскерінің шекарасын бұзуды мақсат еткен F-16 қырғи ұшағын құлатты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, сенбі күні таңертең Сирияның ақпарат құралдары сионистік режимнің бір қырғи ұшағының Голан жоталарында жойылғаны туралы хабарлады. Қырғи ұшақтың израильдік ұшқышы да қайтыс болған.

Сионистік режимнің ақпарат құралдары жұма күні түн ортасында Сирия тарапынан Сирияның солтүстігіндегі Голан жоталарына қарай бес зымыран атылғаны туралы уәж айтып, осыған реакция ретінде Сирия жеріне қарай шабуыл жасайтынын мәлімдеді.

Rusiya Al-Yaum ақпарат агенттігі израильдік F-16 қырғи ұшағы Сирияны мақсатты түрде бомбалағаннан кейін оның Сирия Әуе қорғаныс жүйелерінің тарапынан құлатылғанын хабарлады.

Сионистік режимнің Әскері F-16 қырғи ұшағы Израильде құлады деген уәж айтты.

 

 

Тегтер