Израильдің қырғи ұшағының құлатылуында Иранның қатысы бар деген уәждер негізсіз
(last modified Mon, 12 Feb 2018 17:06:10 GMT )
Ақп 12, 2018 23:06 Asia/Almaty
  • Израильдің қырғи ұшағының құлатылуында Иранның қатысы бар деген уәждер негізсіз

Сирия президентінің саяси және бұқаралық ақпарат құралдары бойынша кеңесшісі сионистік режимнің "Израильдің F-16 ұшағын құлатуда Иранның қатысы болды» деген айыбын теріске шығарып, оны негізсіз деп атады.

Меһр агенттігінің ал-Майадин арнасына сілтеме жасап, хабарлауы бойынша Сирия президентінің саяси- және бұқаралық ақпарат құралдары бойынша кеңесшісі Боутайна Шаабан Иран ислам революциясы жеңісінің жылдығына арналып Дамаскте өткен рәсімде Израильдің Иранға тапқан айыптарын теріске шығарып: «Қырғи ұшақты Сирияның әуе қорғаныс күштері қағып түсірді. Бұл күштер тек осы ұшақты ғана емес, ондаған зымыранды да қағып түсірген.

Сионистік режимнің F-16 ұшағының құлатылуы осы режимнің жындануына себеп болды. Себебі, сионист дұшпан сенетін барлық зымырандар мен құрал-жабдықтар Сирияның әуе қорғаныс күштерінің алдында қауқарсыз» деді.

 

Тегтер