Сирияда ресейлік 100 әскери жасақтың өлгені теріске шығарылды
(last modified Wed, 14 Feb 2018 15:47:25 GMT )
Ақп 14, 2018 21:47 Asia/Almaty
  • Сирияда ресейлік 100 әскери жасақтың өлгені теріске шығарылды

Ресей СІМ Bloomberg агенттігінің америкалық ұшақтардың Сирияның Дейр оз-Зоур облысына жасаған шабуылы барысында ресейлік 100 әскери жасақ өлді деген уәждерін теріске шығарды.

ТАСС хабар агенттігінің мәліметі бойынша Ресей СІМ сәрсенбі күні батыстың кейбір ақпарат құралдарында ресейлік жүздеген әскеридің өлгені туралы таралған хабарларды жалған әрі негізсіз деп атады.

Ресей Думасының Қорғаныс комитетінің басшысы Владимир Шаманов та сейсенбі күні америкалық коалиция ұшақтарының Сириядағы Дейр оз-Зоур облысына жасаған шабуылдарында Ресейдің көптеген азаматы қайтыс болды деп жарияланған хабарларды теріске шығарып, ресейлік ақпарат құралдарының бірқатарының, соның ішінде «Эхо Москвы» радиосы мен «Дождь» телеарнасының сейсенбі күні Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап, өткен аптада америкалық ұшақтардың шабуылы салдарынан Сирияның Дейр оз-Зоур облысында Ресейдің қолдауына ие шамамен 200 күш және ресейлік 300-ге жуық әскери жасақ жараланды деп хабарлағанын мәлімдеді.   

БАҚ-ның Сириядағы ресейлік әскери қолбасшылардың біріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, оның басшылығындағы көп адам әуе шабуылдарында жараланып, Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларының ауруханаларына  жатқызылған.  

 

Тегтер