Ақп 15, 2018 21:28 Asia/Almaty
  • Ирактың солтүстігінде Түркияның әскерилері қаза болды

Түркияның Күрдістан жұмысшылар партиясы Ирактың солтүстігіндегі Түркия әскерінің 22 сарбазының осы партия күштерінің қолынан қаза болғаны туралы хабарлады.

Түркияның Күрдістан жұмысшылар партиясы мәлімдемеде: "Бұл партияның Ирактың солтүстігіндегі Даһук облысында орналасқан Түркия әскерінің базасына шабуылы барысында кемінде жиырма екі түркиялық әскери қаза болып, он адам жарақат алып,  Түркия әскерінің әскери құрал-жабдықтары жойылды",- деп хабарлады. 2012 жылдың желтоқсан айында Түркиядағы күрдтердің мәселесін бейбіт жолмен шешу үшін басталған үдеріс осы елдің Суруч қаласында 2015 жылы қаңтарда орын алған жарылыстың жалғасында тоқтатылып, содан кейін Түркия әскері мен Күрдістан жұмысшылар партиясы бір-бірінің позицияларына шабуыл жасай бастады.

 

 

Тегтер