Сириядағы ДАИШ мүшелері америкалық коалиция тарапынан тасымалдануда
(last modified Thu, 22 Feb 2018 11:37:16 GMT )
Ақп 22, 2018 17:37 Asia/Almaty
  • Сириядағы ДАИШ мүшелері америкалық коалиция тарапынан тасымалдануда

Ақпарат көздері ДИАШ-ке қарсы америкалық коалицияның осы лаңкестік топ мүшелерін Сирияның солтүстік-шығысындағы әл-Хасакадан тасымалдап жатқанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің "Спутник" ақпарат агенттігі сәрсенбі күні ДИАШ-ке қарсы америкалық коалиция тікұшақтарының Сирияның әл-Хасака ауданындағы ДАИШ лаңкестік тобының мүшелерін тасымалдап жатқанын көрсететін құжаттарды жариялады.

YouTube пен Facebook-те таралған видеолар ДАИШ лаңкестерінің америкалық коалицияның тікұшақтар арқылы тасымалданып жатқанын көрсетеді.

Осы жағдайда әл-Хасакада атының аталмауын сұраған ақпарат көзі "Спутник" ақпарат агенттігіне: "Халық әл-Хасакада күрдтердің қол астындағы бір ауданның жергілікті түрмесінде америкалық тікұшақтардың сан рет қонып, ұшқанына куә болды",-деді.

Осыдан бұрын Ирактың ақпарат құралдары да америкалық коалиция тікұшақтарының ДАИШ мүшелерін әл-Хасака түрмесінен Сирияның шығысында орналасқан Абухаджер ауылына жақын маңдағы өздерінің базасына тасымалдап жатқанын хабарлаған болатын.

 

Тегтер