Ирактың күрдтері Түркияға Сирияның солтүстігіне шабуыл жасағаны үшін наразы
(last modified Sun, 25 Feb 2018 11:37:31 GMT )
Ақп 25, 2018 17:37 Asia/Almaty
  • Ирактың күрдтері Түркияға Сирияның солтүстігіне шабуыл жасағаны үшін наразы

Ирактың Күрдістан аймағында сенбі күні осы аймақтың халқы Түркия армиясының Сирияның солтүстігіндегі күрдтер тұратын аудандарға жасаған шабуылын айыптап, ауқымды шеру өткізді.

IRNA ақпарат агенттігінің Эрбильден хабарлауы бойынша, Сирияның солтүстігіндегі Африннің тұрғындарын қолдау мақсатында өткізілген шеруге қатысушылар Африн халқының табандылығын мадақтап, Түркия армиясының осы қалаға жасаған шабуылын айыптаған ұрандар айтып, Түркия армиясының Сирия жеріне басқыншылықтарының тоқтатылуын талап етті.

Сонымен қатар шерушілер мәлімдеме жариялап, халықаралық қауымдастықтың Сирияның аумақтық тұтастығының бұзылғаны мен Афринге шабуыл жасалғанына үнсіздік танытып отырғанын айыптады.

Аймақтағы діни үлемдердің басым бөлігі қатысқан бұл шеруде Түркия армиясының Сирияның солтүстігіндегі күрдтер тұратын аудандарға шабуылы  шариғатқа қайшы іс және исламның принциптеріне кереғар әрекет деп аталды.

Сирия ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, Түркия армиясының 2018 жылдың 20 қаңтарында Сирияның Африн қаласында бастаған амалдарынан осы күнге дейін 171 қарапайым сириялық қаза тауып, 458 адам жараланды.

 

Тегтер