Башар әл-Джафари: Батыстықтар лаңкестердің аттарының Сириядағы атысты тоқтату бітімі туралы қарарға енгізілмеуіне күш салды
(last modified Thu, 01 Mar 2018 11:04:45 GMT )
Нау 01, 2018 17:04 Asia/Almaty
  • Башар әл-Джафари: Батыстықтар лаңкестердің аттарының Сириядағы атысты тоқтату бітімі туралы қарарға енгізілмеуіне күш салды

Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Қауіпсіздік кеңесіндегі батыстық мүшелердің лаңкестікпен күресуге ерік-жігерлерінің жоқтығын айтып: "Олар үш күн бойы осы ұйымдағы Ресей мен Сирия өкілдерімен келіссөз жүргізіп, ДАИШ пен ән-Носрат майданын атысты тоқтату бітімі туралы қарардан алып тастауды көздеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Башар әл-Джафари сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияның Шығыс Ғуте ауданының жағдайын талқылауға арналған отырысы мен БҰҰ Бас хатшысының екі орынбасарының бұл елдегі гуманитарлық жағдай туралы есептері баяндалғаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары негізінде лаңкестікпен күресуге қатысты шынайы міндеттеме болғанда Батыс елдері ДАИШ, ән-Носрат майданы мен басқа да лаңкестік топтарды қарардан бөліп алып, оны тізімге енгізу үшін үш күн уақыт кетірмес еді",-деді.

Мұнымен бір мезгілде Сирияның БҰҰ-дағы өкілі: "Сирияда белгілі бір жалқы топтың ғана емес, барлық адамдардың жаны маңызды болуы тиіс",-деп қуаттады.

Башар әл-Джафари: "Сириядағы соғысты доғару үшін лаңкестік топтарға қару-жарақтар мен басқа да көмек жіберуді толығымен тоқтату қажет",-деді.

Тегтер