Иран Президенті Түркияға аттанды
Сәу 03, 2018 22:25 Asia/Almaty
ИИР Президенті мен Сыртқы істер министрі бүгін түстен кейін Сирия өзгерістеріне қатысты үшжақты отырысқа қатысу үшін Түркияның астанасы Анкараға аттанды.
Бұл отырыс үшжақты келіссөздердің екінші кезеңі саналады, әрі Сириядағы азамат соғысын тоқтатудың шешімін табу үшін кеңесіп, әріптесу үшін өткізілген Астана келіссөздері мен Сочидегі басшылар деңгейіндегі отырыстың жалғасы. Хасан Рухани осы сапарда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған және Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Екіжақты қатынастар мен аймақтық және халықаралық әріптестіктер кездесулердегі сұхбаттың басты өзегі болады деп жарияланды.
Тегтер