Сәу 05, 2018 15:19 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран, Түркия мен Ресейдің талпыныстары Сирияда көбірек сәттіліктерге қол жеткізілуге септігін тигізді

ИИР Президенті: "Иран, Түркия мен Ресейдің талпыныстары Сириядағы лаңкестермен күресте көбірек сәттіліктерге қол жеткізілуге септігін тигізді. Бұл талпыныстар Сирия халқының өз елінде тыныштықта өмір сүре алғанға дейін жалғасуы керек",-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуінде: "Иран мен Түркияның аймақтық әріптестіктерін әртүрлі салаларда, соның ішінде аймақтық елдерде, әсіресе Йеменде қауіпсіздік, тыныштық пен тұрақтылық орнату, елдердің аумақтық тұтастығын сақтау, географиялық шекараларды өзгертудің алдын алу, трансаймақтық елдердің аймақтағы мемлекеттердің ішкі істеріне араласушылығымен және  лаңкестікпен жан-жақты күрес саласында кеңейту өте маңызды әрі әсерлі",-деді.

ИИР Президенті аймақтағы барлық ислам елдерінің, әсіресе Иран мен Түркияның Палестина мәселесін шешу үшін бірлесе талпынуы қажеттігін қуаттап: "Палестинаның жапа шеккен халқы өз жерімізге қайтып ораламыз деп жариялауға құқылы. Алайда сионистік режим оларды қанға бөктіріп жатыр",-деді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған да осы кездесуде Иранның Анкара саммиттін барынша жақсы өткізуге талпынуын  екі елдің аймақтық әріптестікті дамытудағы ниетінің түзулігін көрсетеді деп сараптап, Иран мен Түркияның аймақтық мәселелерді шешу, әсіресе лаңкестік топтармен күресу саласындағы әріптестігі мен кеңесулерін сындарлы әрі оң деп бағалады.

 

Тегтер