Қаң 04, 2024 20:03 Asia/Almaty
  • Раиси: Террор Иран халқының бірлігі, қауіпсіздігі мен стратегиясын бұзбайды

Иран Президенті өзінің түрік әріптесімен телефон арқылы сұхбатында: "Иран халқына дұшпандар өздерінің заңсыз мақсаттарына лаңкестік құралдар арқылы жетеміз деп ойлайды. Бірақ Иран халқы мұндай қылмыстардың елдің бірлігі, қауіпсіздігі мен стратегиясын бұза алмайтынын дәлелдеді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбаттасып, оның Керманда болған лаңкестік жарылыстан қаза тапқандарға байланысты Иран халқына көңіл айтқанына алғыс білдіріп: "Бұл лаңкестік әрекет шәһид Қасым Сүлейманиды еске алу күні және осы шәһидтің мазарына жақын маңда орын алды. Сардар Сүлеймани аймақта лаңкестік және қатыгездікке қарсы күрескен қаһарман ретінде танылған",-деді.  

Түркия Президенті осы сұхбатта сардар Сүлейманиды еске алып аза тұтқандарға жасалған лаңкестік шабуылды айыптап: "Бұл шабуыл лаңкестіктің кез келген формасымен кесімді түрде күресу керегін айқын көрсетті. Түркия терроризмнің кез келген түрімен күресте ИИР-дың қасынан табылады",-деді. 

Тегтер