Лаңкестердің Думаға химиялық шабуылы барысында 75 сириялық қаза тапты
(last modified Sun, 08 Apr 2018 11:28:21 GMT )
Сәу 08, 2018 17:28 Asia/Almaty
  • Лаңкестердің Думаға химиялық шабуылы барысында 75 сириялық қаза тапты

Лаңкестердің сенбі күні кешке Шығыс Ғуте облысындағы Дума ауданына жасаған химиялық шабуылында 75 сириялық қаза тауып, 100 адам жараланды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша лаңкестердің сенбі күні кешке Шығыс Ғуте облысындағы Дума ауданына жасаған химиялық шабуылында 75 адам қаза тауып, кемінде 100 адамның жараланған.

Ресейдің Қорғаныс министрі жұма күні "Джейш ул-ислам" мен "Азат армия" атты лаңкестік топтардың химиялық газды пайдаланып, Думаға шабуыл жасауды көздеп отырғанын ескерткен болатын.

Ресейдің Қорғаныс министрі лаңкестердің  халықаралық қауымдастықтың сезімталдығын арттырып, Сирия үкіметін өз азаматтарына шабуыл жасады деп айыптауға итермелеуді көздейтінін айтқан.

Осы шабуылдан кейін  лаңкестерді қолдайтын Батыстың ақпарат құралдары Дамаскқа қарсы ауыр психикалық соғыс бастады.

Сирияның "САНА" ресми ақпарат агенттігі сенбі күні кешке Батыс ақпарат құралдарында Дума ауданын азат ету амалдарын жүргізіп жатқан Сирия армиясына қарсы кеңістік қалыптастырылып жатқанын айыптап: "Сирия үкіметін бұл қалада химиялық қару қолданылды деп айыптау – негізсіз",-деп жазды.

 

Тегтер