Израильдің Соғыс министрі Сирияға жасалған зымырандық шабуылда рөл атқарғандарын мойындады
(last modified Mon, 09 Apr 2018 16:50:07 GMT )
Сәу 09, 2018 22:50 Asia/Almaty
  • Израильдің Соғыс министрі Сирияға жасалған зымырандық шабуылда рөл атқарғандарын мойындады

Сионистік режимнің Соғыс министрі Сирияның Хомс облысындағы әуе базасына зымыранмен шабуыл жасағандарын мойындады.

Fars хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман Yedioth Ahronoth газетіне берген сұхбатта Тель-Авивтің  дүйсенбі күні таңда Сириядағы Т-4 әуе базасына жасалған шабуылда рөл атқарғанын мойындап, Израиль әуе күштерінің Сириядағы операциялардан оралғанын айтты.

Сирияның Хомс облысындағы Ат-Тейфур әскери әуежайы дүйсенбі күні таңда зымырандық шабуылдың нысанасына алынды. Шабуылда бірқатар адам қаза тауып, жараланды.

 

Тегтер