Велаяти: Сионистердің қылмыстары жауапсыз қалмайды
(last modified Thu, 12 Apr 2018 03:50:22 GMT )
Сәу 12, 2018 09:50 Asia/Almaty
  • Велаяти: Сионистердің қылмыстары жауапсыз қалмайды

Ислам революциясы жоғары мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Али Акбар Велаяти сионистердің Сирияның Тайфур базасына жасаған қылмыстарының жауапсыз қалмайтынын қуаттады.

Али Акбар Велаяти сәрсенбі күні IRNA-ға берген сұхбатта сионистік режимнің Сирияның Тайфур әуе базасына жасаған әуе шабылдарына тоқталып: «Ислам үмбетінің дұшпандары мұндай шабуылдардың олардың әлсіздіктерін көрсететінін  білуі тиіс. Шәксіз, оған мықты жауап беріледі» деді.  

Ислам революциясының жоғары мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі сонымен қатар Американың Сирияға қарсы Шығыс Ғутедегі Дума қаласында химиялық қару қолданды деген айыптарына сілтеме жасап: «Сирия үкіметі бірнеше жыл бұрын өзінің химиялық қаруларын халықаралық инстанцияларға тапсырып, қамбаларын толығымен босатып, оларға тексеріс жүргізіліп, халықаралық қауымдастық тарапынан расталған болатын» деді.

 

Тегтер