Иран мен Сирияның әріптестігі – дұшпандардың аймаққа ықпалын азайтудағы әсерлі фактор
(last modified Fri, 13 Apr 2018 09:27:18 GMT )
Сәу 13, 2018 15:27 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирияның әріптестігі – дұшпандардың аймаққа ықпалын азайтудағы әсерлі фактор

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иран мен Сирияның қарсыласу өзегінде орналасқан басқа елдермен әріптестігінің АҚШ, сионистер мен дұшпандардың аймаққа ықпалын азайтуда әсерлі фактор болатынын айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти бейсенбі күні кешке Дамаскте Сирияның Вакфтар министрі Мұхаммад Абдуссаттар әс-Саидпен өткізген ортақ хабар брифингінде екі елдің қарым-қатынасын тарихи әрі мықты деп сипаттап: "Сионистік режим мен АҚШ және аймақтағы реакцияшыл режимдердің Сирияға таңған соғысының мақсаты қарсыласу өзегінің маңызды буыны Сирияны жеңіліске ұшыратып, оның рөлін тоқтату болды",-деді.

Велаяти Сирияның таңылған 7 жылдық лаңкестік соғыстан мерейі үстем болып, абырой-айбынмен шыққанын айтып, бұл жеңістердің Сирияның лаңкестерден толық азат етіліп, басқыншы америкалықтарды елден шығарғанға дейін жалғасын табатындығына үміт білдірді.

Мұхаммад Абдуссаттар әс-Саид та Сирия армиясы мен қарсыласу қозғалысының лаңкестер мен олардың сионист және америкалық демеушілерін жеңуін ақиқаттың жалған идеологияны жеңуі деп бағалады.

 

Тегтер