Велаяти: Қарсыласу майданының келесі мақсаты – Идлибті азат ету
(last modified Sat, 14 Apr 2018 09:39:40 GMT )
Сәу 14, 2018 15:39 Asia/Almaty
  • Велаяти: Қарсыласу майданының келесі мақсаты – Идлибті азат ету

Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Велаяти Сирияның болашағы мен Қарсыласу майданының тағдырына тоқталып, келесі мақсатты Сирияның солтүстік-батысындағы Идлибті азат ету деп атады.

Революция жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Шығыс Ғутені азат етуді барша Қарсыласу майданы үшін жеңіс деп атады.

Әли Акбар Велаяти өзінің "қарсыласу дипломатиясы" шеңберінде Шығыс Ғутеде болғанын баяндап: "Шығыс Ғутені азат етудің маңызы Сирия президенті Башар Асадтың бұрына лаңкестердің негізгі тамырының Шығыс Ғутеде орналасқанын айтқанына байланысты. Сирия Теһраннан бастап, Бағдад, Дамаск, Бейрут пен Палестинаны қамтитын Қарсыласу майданының маңызды буыны саналады. Қарсыласудың бұл буыны Израиль мен АҚШ-қа тәуелді басқыншыларға қарсы күресуде.

АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары басты өзегі Иран саналатын, Ирак, Сирия, Ливан және Палестина қолдап отырған Қарсыласу қозғалысымен бетпе-бет келіп отыр. Егер олар шара қолданғысы келсе, Ресейдің тойтарысына тап болады. Сондықтан олардың жеңіске жетуі мүмкін емес",- деп қуаттады.

 

 

Тегтер