Насролла: Сирияның жағдайы АҚШ пен Израильдің пайдасына өзгермейді
Ливан Хезболласының бас хатшысы Насролла: "Сионистік режим Сириядағы лаңкестікпен күрес жолында тағы қиындық тудырды. Сондықтан Сирия жүйесімен ынтымақтастығымызды арттырып, нығайту қажет",- деді.
Хасан Насролла жексенбі күні Хезболла партиясының Беқаа аумағында өткен сайлауалды жиынында видео-конференция арқылы сөйлеген сөзінде: "Егер кейбіреулер Сириядағы жағдай АҚШ пен Израильдің немесе басқа тараптардың пайдасына қарай өзгеруі мүмкін деп ойласа, бос қиялға берілгендерін білгені жөн.
АҚШ-тың Сирияға шабуылы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының инспекторлары Шығыс Ғутедегі Дума қаласына жетпей жасалды.
АҚШ пен Франция Дума қаласындағы химиялық қаруды қолданудың жай қойылым екенін білгендіктен жедел түрде Сирияға шабуыл жасады",- деді.