Лаңкестер Думада химиялық қару шығарумен айналысқан
(last modified Mon, 16 Apr 2018 09:04:16 GMT )
Сәу 16, 2018 15:04 Asia/Almaty
  • Лаңкестер Думада химиялық қару шығарумен айналысқан

Дамасктың Шығыс Ғуте ауданында орналасқан Дума қаласындағы "Джейш ул-Ислам" лаңкестік тобы басшысының үйінен табылған құжаттар лаңкестік топтың қоластында болған кезде бұл аймақта химиялық қару-жарақ шығарылғаны туралы мәліметті растап отыр.

Al Alam арнасының дүйсенбі күнгі Sputnik ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, сириялық ақпарат құралдары: "Сенбі күні "Джейш ул-Ислам" тобы лаңкестері отбасыларымен бірге Шығыс Ғутеден шығарылғаннан кейін лаңкестердің бұл аумақта химиялық қару жасағанын дәлелдейтін құжаттар табылды",- деп мәлімдеді.

Сириялық ақпарат көздері сондай-ақ: "Лаңкестер кетер алдында маңызды құжаттарды жоюға талпыныс жасаған, алайда кейбір құжаттар толығымен жойылмаған. "Джейш ул-Ислам" тобы басшысының үйінен табылған осындай құжаттардың бірінде былай деп жазылған: "Студенттер Сабиль зерттеу орталығында Химия мен электроника ғылымдары бойынша технология курсын тәмамдағаннан соң осы салаға жауапты болып тағайындалды.

"Джейш ул-Ислам" лаңкестерінің ішінде «Юсуф Қақейш» және «Онс Қашу» деген лақап аттармен танымал Абу Маһер деген адам химиялық құжаттар мен қару-жарақ өнеркәсібіне жауапты болған",- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер