Сионистік режим АҚШ-тың Сирияға жасаған шабуылының нәтижесіз болғанын мойындады
(last modified Tue, 17 Apr 2018 16:49:25 GMT )
Сәу 17, 2018 22:49 Asia/Almaty
  • Сионистік режим АҚШ-тың Сирияға жасаған шабуылының нәтижесіз болғанын мойындады

Сионистік режимнің әскери басшылары АҚШ пен Батыс одақтастарының Сирияға жасаған шабуылда өз мақсаттарына жетпегенін мойындады.

Израильдің "Едиот Ахронот" газеті сионистік режимнің әскери қайраткерлерінің бірінің сөзіне сілтеме жасап: "Егер АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сирияға шабуыл жасауға бұйрық беруінің мақсаты тек АҚШ-тың химиялық қарулардың қолданылуына реакциясын көрсету ғана болса, бұл мақсатына жетті, бірақ басқа мақсаттарына жете алмады",-деп жазды. Сионистік режимнің барлау саласының келесі бір басшысы: "Трамптың Сириядағы химиялық қаруларға қатысты нысандардың қатты зиян көргенін  айтып, миссияның аяқталғанын жариялауына еш негіз жоқ",-деді.

Израильдің "Гаарец" газетінің сайты АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның сенбі күні таңертең Сирияға зымыранмен шабуыл жасауының Сирия Президенті Башар Асад үшін жеңіс, ал Дональд Трамп бастаған коалиция үшін жеңіліс болғанын мойындады.   

 

Тегтер