Йеменнің көгінде америкалық ұшқышсыз ұшақ құлатылды
Al-Mayadeen телеарнасы Йеменнің әуе қорғаныс кешенінің «MQ9» типіндегі америкалық ұшқышсыз ұшақты осы елдің батысындағы әл-Хадида облысында құлатқанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, йемендік әскери дереккөзіне сілтеме жасап хабарлаған Al-Mayadeen телеарнасында бұған қатысты егжей-тегжейлі ақпарат жоқ.
Сонымен қатар Йемен армиясы мен халықтық комитеттердің бөлімшелері БАӘ-нің «Патриот» зымырандық кешені және Йеменнің отставкаға кеткен Президенті Абд Раббе Мансурдың күштері мен саудиялықтардың жалдамалы күштерін Таиздың оңтүстік-батысындағы әл-Маха жағалаулық ауданында нысанаға алған.
Сондай-ақ, Йемен армиясы мен халықтық комитеттердің бөлімшелері сәрсенбі күні кешке «Бадр-1» типіндегі бір баллистикалық зымыранды Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джизан әуежайы мен Наджран электр стансасына атты.