Сириялық жасөспірім Батыстың Думадағы жобаларын сәтсіздікке ұшыратты
(last modified Fri, 20 Apr 2018 13:45:16 GMT )
Сәу 20, 2018 19:45 Asia/Almaty
  • Сириялық жасөспірім Батыстың Думадағы жобаларын сәтсіздікке ұшыратты

Сирия үкіметі қарсыластарының фильмінде Дума қаласындағы химиялық шабуылда зардап шеккен 11 жастағы сириялық жасөспірім фильмге тамақ үшін қатысқанын мәлімдеді.

Хассан Диаб Ресейдің бірінші арнасына берген сұхбатында: "Думаға химиялық шабуыл жасалу туралы сахнаны түсірген кезде жертөледе отырдым. Бірнеше күн нәр сызбаған болатынмын. Бір адамның дауысын естігенім есімде. Содан ауруханаға жеткізіліппін. Ауруханада адамдар бетімізге су шашып, химиялық шабуылдың жасалғаны туралы айтты",- деді.

Сириялық жасөсіпірімнің әкесі: "Лаңкестер Хассан химиялық шабуыл туралы сахнаға қатысуы үшін оған құрма мен күріш берді",- деді.

 

 

Тегтер