Фейсал Меқдад: Ұлыбританияның Думаға жасалған химиялық шабуыл жайлы жалған іске қатысы бар
(last modified Mon, 23 Apr 2018 08:41:02 GMT )
Сәу 23, 2018 14:41 Asia/Almaty
  • Фейсал Меқдад: Ұлыбританияның Думаға жасалған химиялық шабуыл жайлы жалған іске қатысы бар

Сирия СІМ-нің орынбасары Фейсал Меқдад жексенбі күні ITV арнасына берген сұхбатында Думаға жасалған химиялық шабуыл атты жалған іске Ұлыбританияның қатысы бар екендігін баса айтып: "Бұл жоба соның негізінде Сирияға әскери шапқыншылық жасау мақсатында құрылды",- деді.

IRNA-ның хабарлауынша, Фейсал Меқдад: "Дума қаласының тұрғындары бұл қала лаңкестерден азат етілгеннен кейін лаңкестердің кейбір адамдарды камераның алдында өз балаларының осы шабуыл салдарынан қаза болғанын мәлімдеуге мәжбүрлегенін айтты.

Лаңкестердің демеушілері саналатын батыс және араб елдерінің ақпарат құралдары тарапынан жарияланған Думаға жасалған химиялық шабуыл туралы суреттер мен видеолардың барлығы шындыққа жанаспайды",- деді.

Сарапшылардың басым бөлігі Думада химиялық қару қолданғаны үшін Сирия үкіметін айыптауды қоғамдық пікірді адастырып, Сирия Әскерінің лаңкестьрге қарсы күрестегі жеңістері жайлы ақиқаттарды теріс айналдыру мақсатында жасалған талпыныстар деп атады.

 

 

Тегтер