Ислам Ынтымақтастық Ұйымының "Ортақ қадам" сылтауымен Сауд Арабиясына қызмет ету әрекетін сараптау
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуына байланысты біржақты және сындарсыз мәлімдеме жариялап, өзінің АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израильдің мақсаттарына қызмет ететудегі тәуелділігін тағы көрсетті.
ИЫҰ-ның бас хатшысы Юсуф бин Ахмад әл-Осеймин ойландырарлық ұстанымында "Ортақ қадам" тақырыбын көтеріп, Рияд пен Тель-Авивті қолдап, Трамптың құнсыз сөздері мен оның "Ортақ қадамнан" шыққанын ашық түрде қолдайтын жауапсыз, біржақты мәлімдеме жариялады.
Иран СІМ-нің Ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми ИЫҰ бас хатшысының жауапсыз әрі жете ойластырылмаған мәлімдемесінің бұл ұйым Хатшылығының бейтараптық қағидасын бұзып, АҚШ, сионистік режим мен Сауд Арабиясы үкіметтерінің исламға қарсы саясатымен үйлесіп, толығымен ұйым міндеттеріне қайшы келетінін айтып, мұндай мәлімдемені осы ұйымның беделі мен абыройын әлсіретудегі келесі қадам деп атады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы жұма күні бұл мәлімдемені айыптап, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы бас хатшысына бұдан былай әлемдік үстемшілдік пен сионистік режимнің мүддесін жақтайтын позициялар ұстануды жалғастырмауға кеңес берді.
Мұның алдында да бірнеше мәрте сынға ұшыраған ИЫҰ бас хатшысының ұстанымдары іс жүзінде бұл ұйым Хатшылығының бейтараптық қағидасының әшкере түрде бұзылуына себеп болды. Сол себепті және ұйым мүшелерінің оның құрылымы мен заңдарын өзгерту туралы қайталама өтініштерінің жалғасында Иранның дипломатиялық органының ақпарат хатшысы саудиялық режимнің бұл ұйымға қатысты иелік ету статусын теріс пайдалану әрекеттерін қарастыру мақсатында ИЫҰ-ның ең жоғарғы деңгейдегі мүшелер отырысын Сауд Арабиясынан тыс жерде өткізу туралы елінің ұсынысын тағы қуаттады.
Өшпенділік және ақылсыз көзқарастарға ие саудиялық басшылардың қаскөйлік әдіс-тәсілдері ИЫҰ-ын тиімсіз әрі пассивті құралға айналдырғаны Ислам әлемінің айтарлықтай алаңдаушылығы мен бақытсыздығының өзегіне айналған. Бұл ұйым Ислам әлемінің ішіндегі қиындықтар мен мәселелерге көңіл бөлудің орнына, бар назарын Риядтың тапсырысымен сионистердің қалауы мен еркіне сәйкес мәлімдемелер жариялауға аударған.
Араб елдері істері жөніндегі сарапшы Хасан Һанизаде: "Өкінішке орай, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сауд Арабиясының ықпалына түсіп, бұл ұйымның Хатшылығы Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың ықпалындағы мемлекеттердің мақсаттарына сай Иранға қарсы сап түзеген",- деді.
ИЫҰ-ның мәлімдемелері Сауд әулетінің қалауына сәйкес жарияланатын кезге дейін мұндай мәлімдемелердің ислам әлемінің шынайы қиындықтарын көрсететінін күту мүмкін емес.
Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Сабаһ Занганенің пайымдауынша, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы түбегейлі өзгерісті қажет етеді. Ол өз тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін міндетті түрде өзгеріске ұшырауы тиіс.
Тәжірибе ИЫҰ-ның, әсіресе соңғы онжылдық ішіндегі әрекетінің мұнайға бай араб елдерінің ықпалы мен лоббиімен тікелей байланыста болғанын көрсетіп отыр. Осыған байланысты әл-Осеймин мұның алдында да аймақтағы өзгерістерге қатысты біржақты, сындарсыз позициялар ұстанған. Сондықтан бұл құрылым өзгеріске ұшырағанға дейін Ислам Ынтымақтастық Ұйымы пассивті, бейтарап және АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израильдің мақсаттарына қызмет ететін күйде қала бермек. Бұл мақсаттар бір кезде Қарсыласу қозғалысын әлсіретуге, Палестина халқының арманына соққы беруге бағытталса, қазіргі таңда "Ортақ қадамның" көзін жоюды қолдауды көздеп отыр.