Мұсылман елдері сионистік режимнің езгісі мен қылмыстарына қатаң жауап қайтаруы керек
https://itolqyn.com/news/west_asia-i37062
ИИР президенті Рухани мұсылман елдерінің Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Стамбұлда өтетін төтенше отырысында сионистердің Палестинаның мазлұм халқына қарсы жасап жатқан қылмыстарына қатаң жауап қайтаруы керектігін баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 18, 2018 19:41 Asia/Almaty
  • Мұсылман елдері сионистік режимнің езгісі мен қылмыстарына қатаң жауап қайтаруы керек

ИИР президенті Рухани мұсылман елдерінің Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Стамбұлда өтетін төтенше отырысында сионистердің Палестинаның мазлұм халқына қарсы жасап жатқан қылмыстарына қатаң жауап қайтаруы керектігін баса айтты.

ИИР президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Катар әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Танимен телефон арқылы сұхбатта Катар халқы мен үкіметін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап: "ИИР Катар үкіметі мен халқын оқшаулауды бұрыс әрі әділетсіз әрекет санап, өзінің досы әрі көршісі Катармен байланыстары мен ынтымақтастықтарын дамытуды қолдайды",- деді.

Рухани АҚШ үкіметінің "Ортақ қадам" келісімінен біржақты түрде шығуына тоқталып, оның АҚШ және Иранмен келіссөз өткізген басқа мемлекеттердің мүддесіне қайшы келетінін айтып: "Әлемдегі елдердің басым бөлігі америкалықтардың осы әрекетін қабылдамай, оны айыптағанына қуаныштымыз",- деді.

Шейх Тамим бин Хамад әл-Тани де телефон арқылы сұхбатта АҚШ үкіметінің өз елшілігін Құдсқа көшіру әрекетін айыптап: "Ислам Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының Стамбұлдағы төтенше отырысы аймақ мәселелері мен қиындықтары жайлы кеңесу өткізіп, сұхбаттасу үшін қолайлы мүмкіндік саналады",- деді.