Башар Асад: Трамптың сөзі – өзінің көрінісі
(last modified Thu, 31 May 2018 12:19:58 GMT )
Maм 31, 2018 18:19 Asia/Almaty

Сирия Президенті АҚШ басшысының тіл тигізе сөйлегеніне реакция білдіріп: "Бұл сөздер – оның шынайы көрінісі. Мұндай сөздерді тек осындай адамнан ғана күтуге болады",-деді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад сәрсенбі күні кешке Russia Today-ге берген сұхбатында: "Дональд Трамптың мен туралы жазған нәрсесі негізінде оның өзіне тиесілі",-деді.

Трамп Twitter-дегі бір хабарламасында Сирияның заңды Президентіне қатысты "хайуан" деген сөз қолданған.

Башар Асад: "Сіз не айтасыз, сол өзіңізсіз" деген бір танымал принцип бар. Демек, Трамп өзінің кім екенін көрсеткісі келген. Бұл – табиғи нәрсе",-деді.

Сирия Президенті Трамптың Сирияда болып жатқан оқиғаларға қатысты оған қорлаушы лақап атты пайдаланғанының маңызды еместігін айтып: "Қозғалысқа себеп болатын жалғыз фактор сіз сенетін халық қана. Бұл халық ойлаудың жоғары дәрежесінде тұр, қисын мен ақлақты талап етеді. Бұлар адамдарды іштей әрекет етуге ынталандыратын дүниелер. Трамп сияқты адам менің санамда ешқандай қозғалысқа түрткі болмайды",-деді.

 

Тегтер