Аймақтағы өзгерістер Қарсыласу қозғалысы үшін пайдалы
(last modified Sat, 30 Jun 2018 08:26:59 GMT )
Маусым 30, 2018 14:26 Asia/Almaty

Ливандық "Хезболла" партиясының бас хатшысы Сейіт Хасан Насралла аймақ өзгерістерін Қарсыласу қозғалысы үшін пайдалы деп атап, Сирия қарулы топтарының құлдырап бара жатқанын айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сейіт Хасан Насролла жұма күні сөйлеген сөзінде аймақтағы қазіргі жағдайдың Қарсыласу қозғалысы үшін пайдалы екенін айтып: "Аймақтағы өзгерістерді өз мүддесіне сай пайдалануды көздеп жүрген адамдар әрекеттерін доғаруы тиіс",- деді.

Ливан Хезболласының бас хатшысы Сириядағы өзгерістер мен бұл елдегі лаңкестердің жеңіліс тапқанына сілтеме жасап: "Сирия шайқасы – барша аймақ пен оның болашағы үшін шайқас. Бүгінде Сирияның оңтүстігіндегі лаңкестік топтардың құлдырап жатқанының белгілері байқалып отыр",- деді.

Сейіт Хасан Насролла сөзінің жалғасында АҚШ-тың ядролық келісімінен шыққаны жайлы: "АҚШ-тың бұл келісімнен шығуы, Иранға қоқан-лоққы жасап, санкция жариялауы – мұның бәрі мақсаты Палестина мәселесімен есеп айырысу саналатын "ғасыр мәмілесі" атты америкалық жоспарды жүзеге асыру үшін жасалып жатыр",- деді.