Иран СІМ-нің көмекшісі Сирия президентімен кездесті
Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі аға көмекшісі Сирия президентімен кездесіп, бұл елдегі соңғы өзгерістер туралы сұхбаттасты.
Иран СІМ-нің Саяси істер жөніндегі көмекшісі Хосейн Джабери Ансари жексенбі күні Дамаскке келіп жеткеннен кейін Сирия президенті Башар Асадпен кездесіп, бұл елдің үкіметі мен халқын Сирия Әскері және Қарулы күштерінің лаңкестермен күрестегі жуырдағы жеңістерімен құттықтады.
Сирия президенті: "Сирияның көптеген жерінде лаңкестіктің көзін жою Сирияға қарсы соғысты тоқтататын саяси деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізуге қолайлы негіз жасады. Бірақ бұл іске кедергі болып тұрған мәселе лаңкестікке қолдау көрсетіп отырған мемлекеттердің ұстанған саясаттары мен олардың бекіткен шарттары саналады",- деді.
Джабери Ансари жексенбі күні кешке Сирия СІМ Валид әл-Муаллиммен кездесуінде саяси және майдандық өзгерістер мен Сирия Әскерінің лаңкестік топтар мен олардың демеушілерімен күрестегі жеңістерін талқылады.
Иран СІМ орынбасары мен Сирия СІМ сондай-ақ, алдағы Сочи отырыстары мен Астана келіссөздері жайлы сұхбаттасып, Сирия мен аймақ тұрақтылығын бұзған қастандық әрекеттермен күресуге бағытталған екі ел арасындағы үйлесімдік жұмыстары мен кеңестерді арттыру қажеттігін қуаттады.