Саудиялық басқыншылар Йеменде балалар отырған автобусқа шабуыл жасады
Там 09, 2018 22:35 Asia/Almaty
Саудиялық қырғи ұшақтар Йеменнің солтүстігіндегі Саада облысындағы Захиан қаласында йемендік балалар отырған автобусқа зымыранмен шабуыл жасады.
Йеменнің медициналық дереккөздері бейсенбі күнгі шабуылда шамамен әскери емес 39 адамның қайтыс болып, 51 адамның жараланғанын хабарлады. Олардың көбісі балалар болған.
Йеменнің дерекөздері сонымен қатар йемендік екі азаматтың саудиялық ұшақтардың ал-Ходейда облысындағы егістікке жасаған шабуылында қайтыс болып, бір баланың жараланғанын да хабарлады.
Өткен аптада да ал-Ходейда қаласының ауруханасы мен балық сататын базарына саудиялық шапқыншылар шабуыл жасаған болатын. Соның салдарынан йемендік 60 азамат қаза тапты.
Тегтер