Түркия америкалық тауарларға санкция салды
(last modified Tue, 14 Aug 2018 13:20:23 GMT )
Там 14, 2018 19:20 Asia/Almaty
  • Түркия америкалық тауарларға санкция салды

Түркия президенті АҚШ-та өндірілетін электронды тауарларға санкция жариялағанын хабарлады.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні: "Түркия АҚШ президенті Дональд Трамптың ақылға қонбайтын қисынсыз саясаттарымен күресу мақсатында бұдан былай шетел валютасымен импортталған тауарларды өзі өндіріп, басқа елдерге экспорттайтын болады.

Америкалық басшылар майдандық салада Түркияға қалауларын таңуға шамасы келмеген кезде өз мақсаттарына жету үшін әскери күштер мен саяси-әлеуметтік тұрақсыздықтарды қару ретінде пайдаланады.

Анкара Түркияға инвестиция салуға мүдделі экономика саласының белсенділерін бұрынғыға қарағанда көбірек ықыласпен қарсы алады",- деп баса айтты.

АҚШ пен Түркия қарым-қатынастары соңғы айлардың ішінде әртүрлі мәселелерге, соның ішінде Вашингтонның Анкара үкіметінің оппозиционері Фетхолла Гюленді тапсырудан бас тартқаны мен Түркиядан АҚШ-қа экспортталатын алюминий мен болатқа екі есе тариф бекітуіне байланысты нашарлап кетті.