CNN: АҚШ Сирияда шабуыл жасайтын нысандар тізімін әзірледі
(last modified Sat, 01 Sep 2018 22:51:01 GMT )
Қыр 02, 2018 04:51 Asia/Almaty
  • CNN: АҚШ Сирияда шабуыл жасайтын нысандар тізімін әзірледі

АҚШ-тың CNN хабар арнасы жұма күні кешкісін: "Вашингтон алдын-ала жасаған тізімінде Сирияға шабуыл жасаған жағдайында нысанаға алатын мекендерді анықтады",- деп мәлімдеді.

CNN арнасы АҚШ-тың хабардар бір әскери шенеунігінің сөздеріне сілтеме жасап: "Сирияға шабуыл жасау туралы шешім әлі қабылданбады. Алайда Сирияның химиялық шабуыл жасағанына көз жеткен жағдайда, АҚШ Әскері шұғыл түрде осы мекендерді нысанаға алады",- деп жазды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі Игорь Конашенков өткен сенбі күні: "АҚШ, Ұлыбритания мен Франция Дамасктің химиялық қаруларды пайдаланды деген жалған сылтаулармен Сирияға жаңа шабуыл жасауға дайындық үстінде",- деп айтқан болатын.

 

Тегтер