Иордан өзенінің батыс жағалауында бірқатар палестиналық қамауға алынды
Сионистік әскерилер сәрсенбі күні таңертең Иордан өзенінің батыс жағалауының әртүрлі аймақтарына шабуыл жасады. Шабуылдар сионистер мен палестиналық азаматтар арасындағы қақтығыстармен аяқталды.
«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сионистік әскерилер қақтығыстар кезінде ешбір айыпсыз 23 палестиналықты қамауға алған.
Сионистік режим Кнессетінің араб өкілі Ахмад әт-Таиби: «Палестиналықтар қазанның бірі күні «Еврей мемлекеті» заңы мен «Ғасыр мәмілесіне» наразылық білдіріп, ереуіл өткізеді. Өйткені, бұл заң Құдста тұратын палестиналықтарды өз тағдырларын шешу құқықтарынан айырып, басып алынған Голан жоталарында өмір сүретін сириялықтарға соққы береді»,- деп жариялады.
Кнессеттің «Ортақ тізім» фракциясының басшысы Джамал Захалке де: ««Еврей мемлекеті» заңы Құдс тұрғындарын иврит тілін ресми тіл ретінде қабылдауға мәжбүрлейді. Бұл заң сионистік режимнің нәсілшіл әрекеттерін заңдастырады»,- деді.
Сионистік режим шілденің 19 күнгі ауқымды наразылықтарға қарамастан нәсілшіл «Еврей мемлекеті» заңын бекітті. Бұл заң Палестинаны сионистердің мемлекеті деп танып, палестиналықтарды азаматтық құқықтарынан айырады.