Қаз 10, 2018 17:13 Asia/Almaty
  • Өткен екі күнде Сауд Арабиясының әуеден бомбалауы салдарынан 79 йемендік қаза болды

Йеменнің әскери және дәрігерлік дереккөздері өткен 48 сағаттың ішінде саудиялықтардың әуе шабуылдары салдарынан Йеменнің батысындағы әл-Ходейда облысында 79 әскери емес адамның қаза болғанын жариялады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің күштері саудиялық жалдамалылардың Маджазенің батысы мен Асирдегі Алаб өткелінің айналасындағы орталықтарын «Катюша» зымырандарымен атқылап, нысанаға алды.

Осы мәліметтерге сәйкес, йемендік күштер шапқыншыларға қарсы әрекеттерін жалғастырып, әл-Аджашер аймағында олардың әскери көлігін жарды. Көліктің ішіндегілер өлді.

«Әл-Әлам» арнасының мәліметі бойынша, екі жарылыс салдарынан Джизан облысының Сахер әл-Джамал аймағында Сауд армиясының бір көлігі жарылып, оның ішіндегілер де ажал құшты.

 

 

 

 

Тегтер