БАӘ-де Израиль режимінің әнұраны орындалды
БАӘ-да дзюдодан өткен Abu Dhabi Grand Slam-2018 жарысында израильдік спортшының алтын медаль жеңіп алуына байланысты сионистік жалған режимнің әнұраны алғаш рет мұсылман елінде орындалды.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БАӘ-нің бұл әрекеті израильдік басшыларды шаттыққа бөлеген.
БАӘ Дзюдо федерациясының президенті Насер әт-Тамимидің сионистік режимнің Спорт және мәдениет министрі Мири Регевпен кездесуіндегі суреттің жариялануы мен сионист спортшылардың Абу-Даби орталығында ішімдік ішуі жанжал тудырып, араб және мұсылман елдері халықтарының, әсіресе БАӘ халқының наразылығына себеп болған.
БАӘ мен кейбір араб елдері, атап айтқанда Сауд Арабиясының сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруға талпынысы бұл режим көптеген жылдар бойы палестиналықтарды басып-жаныштауымен қоса, көптеген араб және мұсылман аймақтарын басып алған жағдайда жүзеге асырылып жатыр.