Йеменің "Ансаролла" қозғалысы АҚШ-тың соғысты доғару туралы өтінішіне ұстаным білдірді
Йеменнің "Ансаролла" қозғалысы саяси кеңесінің төрағасы Ясер әл-Хури егер АҚШ шын мәнінде Йемендегі соғысты доғаруды қаласа, өз адамдарынан соғысты тоқтатуды талап етуді сұрады.
Ясер әл-Хури Al Mayadeen арнасына берген сұхбатында: "Бұл соғыс АҚШ пен Ұлыбританияның жетекшілігімен орын алып жатқан жағдайда Йемен халқы Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің қатыгез басқыншылығының нысанасына алынып отыр",- деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өткен сейсенбі күні басқыншы саудиялық коалицияның Йеменде соғыс бастағаннан бері 44 ай өткен соң саудиялық коалиция күштерінің Йемендегі қақтығыстарды доғаруын сұрады.
Помпеоның Йемендегі соғысты тоқтату туралы өтініші Вашингтонның басқыншы саудиялық коалициясының қырғи ұшақтарына жанар-жағар май жеткізіп, басқыншылар үшін әскери жаттығулар өткізіп, осы коалицияға мүше елдерге қару-жарақ сатып, Йемен халқын қырып-жоюда маңызды рөл атқарған жағдайда жасалды.