Сирия Президенті Иран Сыртқы істер министрінің аға көмекшісін қабылдады
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі аға көмекшісі Дамаскта Сирия Президенті Башар Асадпен кездесіп, осы елдегі оқиғалар жайлы сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрінің аға көмекшісі Хоейн Джабер Ансари мен Башар Асад дүйсенбі күнгі кездесуде лаңкестікпен күрес саласында жасалған талпыныстар мен Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үдерісі, әсіресе конституциялық комитет құру мәселесіндегі ілгерілеушіліктер жайлы пікір алмасты.
Тараптар, сондай-ақ, АҚШ үкіметі мен одақтастарының лаңкестікпен күрес жолына кедергі жасау арқылы Сирия соғысы жылдарындағы жеңілістерінің есесін қайтаруға күш салып жатқанын айтты.
Иран Сыртқы істер министрінің аға көмекшісі әрі 2018 жылдың 15 шілдесінде өткен Астана үдерісіндегі Иранның аға келісімгері Дамаск сапарында Сирия Президенті Башар Асадпен кездесіп, бұл елдің соңғы саяси және майдандық өзгерістері жайлы сөйлесіп, пікір алмасты.