Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы: АҚШ сионистік режимді қолдау үшін Йеменді қиратты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i40054
Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ Президентінің сионистік режим мен Сауд Арабиясын қолдау мақсатында айтқан жуырдағы сөздеріне реакциясында: «АҚШ-тың көзқарасы бойынша Израильді қолдау үшін Йеменді қирату керек болды»,-деп жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 23, 2018 21:03 Asia/Almaty
  • Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы: АҚШ сионистік режимді қолдау үшін Йеменді қиратты

Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ Президентінің сионистік режим мен Сауд Арабиясын қолдау мақсатында айтқан жуырдағы сөздеріне реакциясында: «АҚШ-тың көзқарасы бойынша Израильді қолдау үшін Йеменді қирату керек болды»,-деп жазды.

Йеменнің al-Massirah ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Мұхаммад Абдуссалам бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: «АҚШ-тың көзқарасы бойынша, Израиль мен Вашингтонның басқа да жалдамалыларын қолдау үшін Йеменді қиратуға талпыныс жасау – қажет іс»,-деп жазды.

Абдуссалам Йеменге басқыншылық жасаудың ислам үмбетіне қарсы соғыстың бір бөлігі екенін айтты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні: «Вашингтон АҚШ, Израиль мен аймақтағы басқа серіктестердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін Сауд Арабиясының серіктесі болып қала береді»,-деген болатын.

АҚШ Президентінің Сауд Арабиясын қолдаған сөзі ақпарат құралдары мен АҚШ Конгресінің кейбір мүшелерінің наразылығын тудырды.