Америкалық коалицияның Сириядағы шабуылдарында 79 бейбіт адам қаза тапты
(last modified Sun, 02 Dec 2018 10:59:20 GMT )
Жел 02, 2018 16:59 Asia/Almaty
  • Америкалық коалицияның Сириядағы шабуылдарында 79 бейбіт адам қаза тапты

Сирияның адам құқығы арнасы (желісі) сенбі күні АҚШ-тың басқаруындағы ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның қараша айында Сирияда жасаған шабуылдарында 79 бейбіт адамның қаза болғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның адам құқығы арнасы қаза болғандардың арасында 42 бала мен 17 әйелдің болғанын мәлімдеген.

Сирия үкіметі БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына сан рет хат жолдап, олардан америкалық коалицияның Сириядағы қылмыстарын тоқтатуды сұрады.

АҚШ-тың басқаруындағы ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның Ирак пен Сириядағы шауылдарын бақылап отыратын «Айварес» тобы жуырда 2014 жылдан бері америкалық коалицияның Ирак пен Сириядағы әуе шабуылдарында 5 мыңнан астам бейбіт адамның қаза болғанын хабарлады.

 

Тегтер